Президент ҮЕҰ-лардың бірыңғай электрондық тексеру реестрін жасауды тапсырды

1099

Президент ҮЕҰ-лардың бірыңғай электрондық тексеру реестрін жасауды тапсырды Фото: inform.kz

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай электрондық тексеру  тізілімін жасау қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  VIII Азаматтық форумда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыруды барлығы үшін де ашық және түсінікті жасау қажет. Біз бұл жайында айттық та. Жемқорлықтың болмауы, бағытталып отырған мемлекет қаражатының орындалуы үшін барлық жерде қаржыландыру ашық болуға тиіс. Ол үшін үкіметке  қазіргі уақытта жүргізіп жатқан цифрландыру аясында үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай электрондық тексеру тізілімін әзірлеуді тапсырамын",-  деді мемлекет басшысы.

ҚР президентінің атап өтуінше, аталған тексеру тізіліміне ҮЕҰ-лар ерікті негізде тіркелетін болады. Сонымен қатар ол алдағы уақытта мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін ҮЕҰ-лардың аталған тізілімге орналастырған материалдары негізінде рейтинг әзірленетін болады.

"Сіздер де, кім үздік жүзеге асырды, кім жақсы игерді, кім адамдарға дұрыс жеткізе алды деп жарысуларыңыз қажет",- деп ескертті елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу