Президент Үкімет басшысына ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды

514

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебін тыңдады.  

Президент Үкімет басшысына ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Еліміздегі коронавирус жұқтырғандардың саны 2,1 пайызға төмендегенін, ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орынның 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейгенін, реанимациядағы орындар 12 пайызға, станционардағы төсек-орындар 25 пайызға азайғанын айтты. Сондай-ақ COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63 пайызға артып, жедел-жәрдем шақыртушылар саны 31 пайызға төмендеген", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстан Президентіне барлық өңірлердегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа шектеу шаралары кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге аймақтарды, әсіресе, ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұр. Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Мемлекет басшысының алдағы Жолдауының негізгі бөлігін құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу