Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық Банк төрағасы Президентке коронавирустың жаңа толқынының таралуына байланысты Халықаралық валюта қорының әлемдік экономиканы қалпына келтіру қарқыны мен қаржы нарықтарын түзетуге қатысты болжамдарды қайта қарағаны жөнінде ақпарат берді.
"Мемлекет басшысына еліміздегі инфляцияның жылдам өсу себебі (2021 жылғы шілдедегі қорытынды бойынша – 8,4%) және инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені (9,25%-ға дейін) көтеру туралы шешімі жөнінде мәлімет берілді", деп жазылған хабарламада.
Ерболат Досаев карантиндік шектеулер кезінде іскерлік белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру, Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қаражаттың жағдайы, сондай-ақ, зейнетақы активтері өсімінің оң динамикасы туралы да баяндады.