Президент үкіметке баспана кезегіндегі азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

492

Президент үкіметке баспана кезегіндегі азаматтардың мәселесін шешуді тапсырды

Елбасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде өткен кеңеске қатысып, тұрғын үй секторын дамыту жайына арнайы тоқталды. Президент үкіметке мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрғандардың мәселесімен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қала 2 млн шаршы метр тұрғын үйді жыл сайын пайдалануға беріп отыруы қажет. Бас жоспарда болмауға тиіс заңсыз құрылыстарды, 15 мың бау-бақша учаскесін сүру жұмысын жандандыру керек. Қаланың орталық аудандарын ескірген үйден тазарту қажет. Астана әкіміне елорда құрылысын ықшамдап салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын", – дейді мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, президент тұрғын үйді жалға беру жөнінен "көлеңкелі" нарықтың белең алып отырғанына, үлескерлердің проблемаларына тоқталып, заманауи көлік инфрақұрылымын ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

"Туристік орталыққа айналу үшін Астананың әлеуеті жеткілікті. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, елорда туризмін дамыту жөнінде шара қабылдауды тапсырамын", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу