Президент: Бұл талап орындалмаса, кадрлық шешім қабылданады

1372

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның баяу жүргізілуіне байланысты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Үкімет мүшелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент: Бұл талап орындалмаса, кадрлық шешім қабылданады

Алдымен Президент халықты вакцинациялау мемлекеттің қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. 

"Вакцинациялауды созу – абстракт проблема емес. Мұндағы мәселе ұлттық қауіпсіздікке байланысты. Азаматтарға ауру жұқтыру, өлім қаупі төніп тұр. Бизнес табысынан айырылып, бюджетке салық түспей жатыр",- деді Мемлекет басшысы коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Ол денсаулық сақтау министрінің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.

"Алексей Владимирович, бұған дейін мен сізге осы кезеңде (коронавирус пандемиясы – автор) Денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі басты тұлға екенін, оның ерекше өкілеттіктері барын айтқамын. Сіз жақсы жұмыс істедіңіз, бірақ кейін жұмыс қарқынын бәсеңдетіп алдыңыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Алейсей Цой мен Үкімет мүшелеріне ескерту жасады.

"Сәуір айында сіз (Денсаулық сақтау министріне – автор) жағдайды өзгертуіңіз керек. Бұл талап орындалмаса, кадрлық шешім қабылданады. Ол көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, жалпы Үкіметке де қатысты", - деп түйіндеді сөзін Қасым Жомарт Тоқаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу