Президент Үкіметке сәулет-құрылыс қызметін реттейтін мүлдем жаңа құжат қабылдауды тапсырды

574

"2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген".

Президент Үкіметке сәулет-құрылыс қызметін реттейтін мүлдем жаңа құжат қабылдауды тапсырды

Президент Жолдауында құрылыс секторына тоқталды. Айтуынша, бұл сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді, жанама салалар қосылса, бұл көрсеткіш одан да көп.

"Бүгінде Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әрбір қаланың жер телімдері мен коммуналдық желілердің схемасы көрсетілген функционалды интерактивті картасын жасауды тапсырды: "Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының схемаларымен толықтырып отыру қажет"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу