Президент үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін ресми бекітуді тапсырды

771

"Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", –­ дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін ресми бекітуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін ресми бекітуді тапсырды.

"Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ", –­ деп жазды Президент Twitter әлеуметтік желісінде.

Айта кетсек, елімізде журналистер күні 2012 жылдан бері 28 маусымда аталып өтетін. Бұл күн ресми Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Президенттің "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және басқа да мерекелер туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына 2011 жылы өзгеріс енгізгенге дейін, журналистер төл мерекелерін маусымның соңғы жексенбісінде тойлайтын, бұл күн Баспасөз, теледидар және радио күні деп аталып келді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу