Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ал Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігі басшысы қызметінде қалды.
"Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланған", деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Президенттің Жарлығымен Президенттің Іс Басқарушысы лауазымына Айбек Арқабайұлы Дәдебаев тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Президент Дархан Медеғалиұлы Жазықбаевты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 28 қараша, № 18", - деп жазылған Жарлықта.
Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы өз орнында қалды.
Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа бүгін Президент қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.