Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

890

Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды. 

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті, деп Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарайды.

Станислав Зась ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу