Президент ҰҚШҰ мемлекет басшыларынан көмек сұрады

736

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚШҰ-ның мемлекет басшыларынан көмек сұрады.  

Президент ҰҚШҰ мемлекет басшыларынан көмек сұрады

Президент шет елде тыңғылықты дайындықтан өткен террористік бандалармен күресу үшін ұйымға қарасты мемлекет басшыларынан осы қауіппен бірлесіп күресу үшін көмек сұрады.

"Ұжымдық қауіпсіздік келісім шартына орай ҰҚШҰ мемлекет басшыларына осы террористік қауіпті жеңу үшін көмек берулеріңізді сұраймын. Бұл мемлекеттің тұтастығына келген қауіп қана емес, сондай-ақ менен мемлекет басшысы ретінде көмек сұраған халыққа қолдау" деді Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу