Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

740

Бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы осылай деп хабарлады.

Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

"Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, Ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды және алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды. Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне Ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарлануда.

Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады деп күтілуде",– деп жазды Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу