Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

1204

Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. 

Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Қазақстан президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне ұлттық валютаның өзгеруіне әсер етуші факторлар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу