Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

534

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.

Ғалымжан Пірматов Президентке мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы мен ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу