Президент Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдығымен құттықтады

812

Президент Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдығымен құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды strategy2050.kz. Мерекелік концерт астаналық Бейбітшілік пен келісім сарайында өтті. Қазақстанның спорт қоғамын құттықтауға 15 Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері мен президенттері келді.

Президент Қазақстан халқын, спортшыларды, спорт жанкүйерлері мен қонақтарды Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығымен құттықтады.

"Біз халықаралық олимпиада қозғалысына қосылдық, бұл – тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудың маңызды бөлігіне айналды. Олимпиадалық қозғалыс – спорттан биік дүние, бұл өмір философиясы, ол бірлік пен өзара сыйластық, рухани жетілу құныдылықтары негізінде пайда болды. Бұл тәуелсіз жаңа Қазақстанды құрудың ұстанымына ұқсайды", – дейді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Олимпиадалық қозғалыс сияқты әлемде адамға қатты әсер ететін ұйым жоқ.

"Олимпиадалық модельмен Универсиадалар, құрлықтық ойындар мен өзге сайыстар өткізіледі. Қазақстан халықаралық олимпиадалық отбасының сенімді мүшесіне айналды. Біз спорттың дамуын қолдадық. Біздің туымыз барлық олимпиадаларда көтерілді, спортшыларымыз жеңімпаз атанған сайыстарда әнұранымыз шырқалды. Олимпиада ойындары барлық спортшыға күш-жігер сыйлайтын ұйым", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ елбасы Алматыда өткен Универсиадада өнер көрсеткен Ұлттық құраманың табысын сөз етті.

"Қазақстан әлемдік аренадағы беделін одан әрі арттыра түсетініне сенімдімін. Олимпиадалық от әлемде көп адамның жүрегінен орын табады деген үміттемін", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Салтанатты құттықтаудан кейін елбасы Ұлттық Олимпиада қауымдастығының басшысы мен Азия Олимпиада кеңесінің басшысы Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабахқа олимпиадалық қозғалыс пен спорттың дамуына үлес қосқаны үшін мерейтойлық медалін табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу