Президент ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы оқиғалар теңгеге өте қатты қысым жасады. Оған халық арасындағы дүрбелең де әсер етті. Азаматтар капиталды жаппай шығаруға кірісті. Ал шекара аймағында ақшаны көптеп ала бастады. Осыған байланысты президент шетелге валюта шығаруға шектеу қою үшін арнайы қаулы қабылдаған еді. Ұлттық банк болса, елімізге шетелдік валютаның алғашқы партиясының жеткізілгенін хабарлады.
Төраға Пірматовтың айтуынша, әрбір екінші деңгейлі банк валютаны өздері-ақ сатып алу мүмкіндігіне ие.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу