Президент Үндеуі: Карантиндік режимді бұзғандар жазаланады

1303

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды қолды жиі жууға шақырды. 

Президент Үндеуі: Карантиндік режимді бұзғандар жазаланады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын коронавируспен күресте дәрігерлерге үлкен жауапкершілік жүктелгенін атады. 

"Медициналық тексеруден жалтару және карантиндік режимді бұзғандар жазаланатын болады. Оған қоса қолды жиі жуу, санитарлық гигиенаны сақтау, халық көп жиналатын орындардан тартыну сияқты жақындар мен жеке бастың қарапайым күтім тәсілдерін ұмытпаған жөн. Бұл күндері денсаулық сақтау қызметкерлеріне үлкен жүк түседі. Олардың кәсібилігіне және адами жауапкершілігіне көп дүние байланысты болмақ. Ел өміріндегі осы бір жауапты кезеңді медицина мамандары абыроймен өткеріп, қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін барлық қажеттіні жасаулары керек", - деді Президент.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу