Президент Үндістан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

503

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент Үндістан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті. 

Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу