Президент Үндістан үкіметіне алғыс білдірді

839

Мемлекет басшысы бұл елдің шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқанына қарамастан, көмек көрсеткенін нағыз достықтың белгісі деп санайды.

Президент Үндістан үкіметіне алғыс білдірді

"Пандемиямен" күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Айта кетсек, кеше Үндістанда ота жасауға кезегін күтіп жүрген қазақстандықтар елге келді. Отандастарымыздың өтінішімен Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ еліміздің Үндістандағы Елшілігінің атсалысуымен "SCAT" әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі ұйымдастырылды.

Үнді тарапының гуманитарлық көмегі де осы рейспен жеткізілді. Олар коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу