Мемлекет басшысы бұл міндетті білім және ғылым министрі Ерлан Сағдиевке жүктеді.
"Мақсатқа жету үшін 2019-2021 жылдары 50 млрд теңге ақша бөлінеді. Қаржыны тиісінше игеріп, 3 ауысымдағы мектептерді жойыңдар!" – деді елбасы.
Президент мектеп түлектерінің 11 сыныптан соң Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарын таңдап жатқаны білім саласындағы кемшіліктің көрінісі екенін атап өтті.
"Еліміздің солтүстік өңірлерін айтпағанның өзінде, Талдықорғанның балалары Ресейге кетіп жатыр. Бұл ненің белгісі, ойланыңдар, жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын дұрыстаңдар! Оқушыларды 3 ауысыммен оқытуды доғарыңдар. Бұл – ұят. Оқушы 3 ауысыммен қалай оқиды, 3 ауысыммен жұмыс істеген мұғалім қандай білім береді", – деді мемлекет басшысы.
Қанат Махамбет