"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", – деп жазды Мемлекет Басшысы Тwitter парақшасында.
Мемлекет басшысы "биылғы қиындықтар көп ұзамай артта қалады" деген сенім білдіріп, "Біз оларды бірге жеңеміз!", - деп атап өтті.
Сондай-ақ "Мемлекет әрдайым мұғалімдерді қолдайды", –деді Президент.
Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі жыл сайын қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу