Президент ветеринарлық қызметті жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

932

Құжатқа сәйкес жануарлардың ветеринариялық паспорттары электрондық форматқа ауыстырылады. 

Президент ветеринарлық қызметті жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 5 қаңтарында қол қойған заң ветеринария саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша құзырет беру жөнінде өзгерістерді көздейді. Сонымен қатар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыру, техникалық құралдарды (жабдықтарды, аспаптарды, өлшеу құралдарын, құрылғыларды, құрал-саймандарды және өзге де техникалық құралдарды) пайдалану құқығын береді. Бұл шаралар құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды болдырмауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, жаңа нормативтік құқықтық акт ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан ветеринариялық паспорттарды электрондық құжат ретінде беруді енгізеді. Бұл ветеринариялық паспорттағы және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан мәліметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық паспортты дайындау үшін қызметтерді сатып алу жөніндегі функциялары мен мемлекеттік (жергілікті) бюджеттің шығындарын алып тастауға мүмкіндік береді.

Аталған заң Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автокөлік өткізу бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты нормаларды түзетуді көздейді.

Еске сала кетсек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның негізгі мақсаты – ветеринария саласындағы қызметті одан әрі жетілдіру және ветеринария саласындағы құқықтық реттеудегі олқылықтарды, қайшылықтарды жою.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу