Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды

433

Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ "Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс" атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды Фото: aqorda.kz

Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.

Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған.

Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.

Музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу