Президент Юрий Пяны қабылдады

709

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады.

Президент Юрий Пяны қабылдады

Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Ю.Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу