Президент жаңа газ кен орындарын игеру мәселесінде келісімге келуге шақырды

987

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді Имашев және Хвалын газ-конденсант кен орнын игеру мәселесінде тезірек келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент жаңа газ кен орындарын игеру мәселесінде келісімге келуге шақырды

Көкшетауда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында Президент газдың ресурстық базасын ұлғайту үшін аталған мәселені шешу маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, Имашев газ кен орнын игеру 2013 жылы қос мемлекет арасында үкіметаралық келісімнің хаттамасымен реттеледі.

Келісім бойынша жоба операторы – "Газпром" және "ҚазМұнайГаз". Имашев газ кен орны Ресей (Астрахан облысы) мен Қазақстан (Атырау облысы) шекарасында орналасқан.

2003 жылғы сәуірде "ЛУКОЙЛ" мен "ҚазМұнайГаз" компаниялары Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Хвалын кен орнын бірлесіп игеру келісіміне қол қойған, ал 2005 жылғы наурызда оны игеру үшін бірлескен кәсіпорын құрылды. Алайда кен орнын игеру мәселесі әлі шешілмеген. Себебі "Газпром" компаниясымен газ тасымалдау мәселесі әлі шешілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу