Президент жаңа министрліктің басшысына Ақтөбедегі мәселені шұғыл шешуді тапсырды

845

Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр.

Президент жаңа министрліктің басшысына Ақтөбедегі мәселені шұғыл шешуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі басшысына тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма",– деп жазды Мемлекет басшысы. 

Осы аптада құрылған жаңа министрліктің басшысы болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу