Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

496

Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады Фото: akorda.kz

Президент жаңадан сайланған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Осыған дейін  ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы сайланғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу