Президент жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрін қабылдады

244

Тоқаев қызметіне бүгіннен бастап кіріскен министрге нақты тапсырмалар берді.  

Президент жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрін қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақорданың мәліметінше, кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Бұған дейін сыртқы істер министрі лауазымына Ермек Көшербаев тағайындалғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу