Президент "Жанұя" тәжірибесін барлық өңірде іске асыру керек екенін айтты

985

Мемлекет басшысы астаналық отбасыларға "бір терезе" қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты.

Президент "Жанұя" тәжірибесін барлық өңірде іске асыру керек екенін айтты

Бұл жерде денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы жайында кеңес алуға болады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Жанұя" орталығының бастамаларын жоғары бағалаған Мемлекет басшысы аталған мекеменің тәжірибесін еліміздің барлық аймақтарында іске асыру керек екенін айтты.

Сонымен қатар Президент орталықтың базасында іске асып жатқан "Кәсіпкер ана" жобасының қатысушыларымен де әңгімелесті.

"Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. "Іздеген жетер мұратқа", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу