Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

552

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

""Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты  Төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша);

аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                          Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 тамыз

          № 645"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу