Президент Жарлығымен "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

677

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына сәйкес "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры мен "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисіне – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Президент Жарлығымен "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

"Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын

Басин Вадим Борисович – "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы 

Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы" деп жазылған Жарлықта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу