Министр төтенше жағдай болған сәтте шарасыз қалған адамдарды аман алып қалған 6 қызметкерді ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен марапаттады, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, өрт сөндіруші Бақдаулет Әлімқұлов, Құралбек Жұмабаев, Рүстем Сайдахметов, Бағлан Убайдиллаев пен Полиция департаментінің полицейі полиция майоры Қанат Рақышевты "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Сонымен қатар, полиция подполковнигі Ермек Өсербаев пен полиция лейтенанты Қайрат Алекешевтер Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалдерін табыстады.
Министр Түркістан облысы ТЖД қызметкері азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Абдуғаппаровтың үйіне барып, оған 2-ші дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті. Өрт сөндіруші өртті ауыздықтау кезінде ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта үйінде емделуде. Министр подполковник Б. Абдуғаппаровқа және оның отбасына өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, батырлығы мен жанқиярлығы үшін алғысын айтып, сауығып кетуіне тілек білдірді. Бақытжан Абдуғаппаров Арыс қаласында азаматтарды құтқару кезінде де өзінің қайсарлығымен ерекше көзге түскен.