Президент Жарлығымен Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

746

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Президент Жарлығымен Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

* * *

Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 23 қыркүйек

№ 419

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу