Президент Жарлығымен Сенаттың 5 депутаты тағайындалды

584

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың 5 депутаты тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Президент Жарлығымен Сенаттың 5 депутаты тағайындалды Фото: aikyn.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары болып:

  1. Жақып Қажманұлы Асанов;
  2. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
  3. Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
  4. Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
  5. Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенаттың 13 депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу