Президент Жарлығымен Түркістан облысында 6 адам марапатталды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Жарлығымен Түркістан облысында 6 адам марапатталды

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

I дәрежелі "Барыс" орденімен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман;

IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы;

"Парасат" орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай;

"Парасат" орденімен Мәдениет және спорт министрлігі "Қазқайтажаңарту" РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко;

"Шапағат" медалімен "Қызыл-Әскер" жалпы орта мектебі" КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу