Президент жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

923

Енді Ұлттық қоғамдық сенім кеңес орнына Ұлттық құрылтай болады.

Президент жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (ҰҚКК) тарату туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын", – деп жазылған Жарлықта.

Ұлттық Құрылтай Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның қызметінің негізгі мақсаты – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды әзірлеу.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлықтардың күші жойылды деп танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу