Президент Жарлығымен Ұлы Отан соғысының 3 ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

1105

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін 3 соғыс ардагеріне жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі –  "Халық қаһарманы" атағы берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен Ұлы Отан соғысының 3 ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали  Насырханұлы (марқұм)

 –  8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) 

– 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) 

 – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

                 № 889

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу