Президент жасанды интеллектінің көмегімен "Үлкен тілдік түркі моделін" әзірлеуді ұсынды

221

Елдеріміз үшін төл өркениетіміз бен ана тілімізді сақтау мәселесі айрықша маңызды.

Президент жасанды интеллектінің көмегімен "Үлкен тілдік түркі моделін" әзірлеуді ұсынды Фото: аkorda.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, климаттық өзгерістерді бақылаудың мәні зор, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Сарапшылар әлемдегі орташа температура 1,5 цельсий градустан көтерілуі мүмкін дейді. Оның ықтималдығы 80 пайыздан асты. Яғни, климатқа қатысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Жер шарының әр түкпірінде болып жатқан аптап ыстық, орман өрті, қуаңшылық пен су тасқыны – осының айқын дәлелі. Біз түркі әлемімен бірлесіп, климат мәселесі бойынша ынтымақтастықты күшейтуге дайынбыз. Осы ретте биыл Әзербайжанда өтетін СОР29 климат конференциясының жұмысына белсене қатысуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан климаттың өзгеруіне қатысты міндеттемелерге жауапкершілікпен қарайды. Біз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Өңірлік климат саммитін өткіземіз. Саммиттің жұмысына түркі бауырларымыз белсенді қатысады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу