Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі",-деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных 214 ұпай жинап, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.