Президент "жасыл" облигация нарығын дамытуға шақырды

1129

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығында түркі елдерінің "жасыл" облигацияларын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. 

Президент "жасыл" облигация нарығын дамытуға шақырды Фото: inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерін "жасыл" облигация нарығын дамытуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев "жасыл" технология жобаларын іске асыру үшін "жасыл" облигация нарығын дамыту маңызды екенін атап өтті.

"Он жылда әлемдегі "жасыл" облигацияның көлемі 20 есе өсіп, 2 трлн долларға жетті. Қазақстан да облигация нарығын дамыта бастады. Биыл оның көлемі 100 млн доллардан асты. Бұл жұмыс "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан қор биржасында жүргізіледі. Сіздерді осы ұйымдардың бай тәжірибесі мен тиімді құралдарын пайдалануға шақырамын. Біз "жасыл" капиталдың өңірлік нарығын дамытуға мүдделіміз. Аталған алаңдарда түркі елдерінің "жасыл" облигацияларын орналастыруға дайынбыз", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу