Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне педагог мәртебесі бойынша өзгерістер енгізілді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.