Президент жемқорлықпен басқаша күресу керегін айтты

9519

Оның айтуынша, Қазақстанда жемқорлыққа қарсы стратегияның жобасы дайындалған.

Президент жемқорлықпен басқаша күресу керегін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен күреске баса назар аудару керегін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде жеке реформа жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Бұл құбылыстың салдарымен емес, себептерімен күресуге баса назар аударылады. Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі талдау, шенеуніктердің бизнеске және азаматтарға әсер ету мүмкіндігін азайту, бұл жұмысты жаңа деңгейде қарау керек", – деді Президент кәсіпкерлермен кездесу барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы стратегияның жобасын дайындағанын жеткізді.

"Бұл құжатты кәсіпкерлермен мұқият талқылау керек. Корпоративті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу