Президент жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпауды тапсырды

982

2020 жылдың жартысында 912 тұлға жемқорлықпен ұсталған.

Президент жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатпауды тапсырды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Елімізде енді сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салынады. Мұндай тапсырманы жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Бұл туралы Президент Президент Twittter-дегі парақшасында жазды.

Жалпы, жиында бұл қылмыспен жүйелі күресу жолдары талқыланды. Проблемалар шешілмеген күйі тұрғанын Президент сынға алды.

"Тек, осы 2020 жылдың жартысында 912 тұлға коррупциямен ұсталған. Бұл былтырғыдан 100 адамға көп. Олардың ішінде облыс әкімдерінің де бары алаңдайтын жағдай", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу