Президент жерді латифундистерден қайтару ісі баяу жүріп жатқанын сынға алды

985

Бұл туралы Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. 

Президент жерді латифундистерден қайтару ісі баяу жүріп жатқанын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан  жерді латифундистерден қайтарып алу тапсырмасының баяу жүзеге асырылуын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жолдауда мен пайдаланылмай жатқан жерлерді латифундистерден қайтарып алу тапсырмасын жүктеген болатынмын. Бұл қыздырманың қызыл сөзі емес – салмақты тапсырма. Ісіне адал, еңбектен қашпайтын шаруалар еш жерде жұмыс істей алмайтын, малын жая алмайтын күнге де жеттік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президент сонымен қатар бұл тапсырма әлі дұрыс қолға алынбағанын сынға алды.

"Бұл жағдайда мүдделі адамдардың қысымына беріліп, бұл істі тоқтатып қойған секілді", –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу