Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

559

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

"Парасат" орденімен "Жетісу" авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;

"Парасат" орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай;

"Құрмет" орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен "Жазылбеков және К" шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Есімжанов" шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;

"Шапағат" медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу