Президент ЖИ-ді әскери мақсатта қолдану қаупіне назар аударды

104

ЖИ-дің қаупі де жоқ емес. 

Президент ЖИ-ді әскери мақсатта қолдану қаупіне назар аударды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Сондай-ақ БҰҰ университетіне осы ізгі істі қолдап, ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысуды ұсынды.

Келешек туралы ой қозғаған Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазіргі заман келбетін қалыптастыратын шешуші күштің бірі деп атады.

Әйтсе де, оның пікірінше, ЖИ-дің қаупі де жоқ емес. Оған жұртшылықтың теңдей қол жеткізе алмауы және теріс пиғылда, соның ішінде әскери мақсатта қолдануы себеп болуы ықтимал.

– Біріккен Ұлттар Ұйымы кезінде ядролық қауіпсіздік пен азаматтық авиация салаларында жалпыға бірдей нормаларды қалыптастырды. Сол секілді енді бұл істе де негізгі үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс. Әлемнің жетекші технологиялық орталықтарының бірінде орналасқан жаһандық оқу орны ретінде БҰҰ университеті ЖИ-дің әлеуетіне, қауіп-қатеріне және оны басқаруға қатысты халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу