14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр",– деп жазды Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу