Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

451

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты Фото: akorda.kz

 Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу