Президент жолдауы: цифрлық экономика әр азаматқа қолжетімді болуы тиіс

376

Халықты цифрлық экономикаға тартуға басымдық берудің маңызы зор.

Президент жолдауы: цифрлық экономика әр азаматқа қолжетімді болуы тиіс Фото: Ақорда

Цифрлық экономика мемлекеттің қатысуымен дамитын сала ғана емес, әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нақты құралға айналуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент жолдауына пікір білдірген саясаттанушы Айдар Әмребаев осылай дейді.

Сарапшының айтуынша, халықты цифрлық экономикаға тартуға басымдық берудің маңызы зор. Бүгінде көбіне бос уақытты өткізу үшін пайдаланылатын замандық технологиялар жұмыс іздеудің, жеке бизнесті дамытып, қосымша табыс табудың тиімді құралына айнала алады.

"Бұл – әсіресе жастар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашатын өте маңызды үндеу. Қазір цифрлық технологиялардың көмегімен жақсы табыс тауып, өз идеясын жүзеге асырып, жеке жобасын дамытуға болады", – деп толықтырды сөзін Айдар Әмребаев.

Сарапшы жолдауда белгіленген басым бағыттар цифрлық экономиканы одан әрі дамытып, азаматтардың жаңа технологиялық үдеріске қатысу аясын кеңейтуге қосымша мүмкіндік беретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу