Президент Жолдауы: Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірқатар тапсырма берді

236

Үкімет басшысы Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында Білім министрлігіне білім саласы бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Жолдауы: Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірқатар тапсырма берді Фото: primeminister.kz

1 желтоқсанға дейін жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді реформалау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, бекітуі қажет;

Жыл соңына дейін халықтың табысын ескере отырып, мектепке дейінгі білім беруге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлесін;

Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, әкімдіктермен бірлесіп, қаржыландыру көздерін айқындап, 1 желтоқсанға дейін Орта білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жоспар бекітілсін;

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл соңына дейін инженерлер, геологтар, көлік, аграрлық және су салаларының жұмыскерлері, сондай-ақ ғалымдар мен басқа да мамандықтардың өкілдері үшін құрметті атақтарды қосу бөлігінде "Мемлекеттік наградалар туралы" Заңға өзгерістер әзірлеп, енгізуі керек;

Ғылым министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылыми тағылымдамаларға арналған гранттарды бөлу кезінде еліміздің ғылыми-технологиялық даму міндеттерін ескере отырып, инженерлік-технологиялық бағыттардың басымдығын белгілеуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу