Президент Жолдауын орындау үшін Алматы қалалық кірістер департаменті кадрлық өзгеріс жасаған

678

Кешенді жұмыс нәтижесінде кедендік төлемдер өскен. 

Президент Жолдауын орындау үшін Алматы қалалық кірістер департаменті кадрлық өзгеріс жасаған

Биыл Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының кедендік бағытқа жетекшілік еткен орынбасары және басқарманың үш басшысы, кеден бекеттерінің басшылары ауыстырылды. Бұл туралы арнайы брифингте Алматы қаласы бойынша МКД басшысы Қанат Баеділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған басты себеп – Президент биылғы Жолдауында Үкіметке "кедендік шекарада тәртіп орнату және жосықсыз кәсіпкерлермен күрес бойынша батыл жұмыс жүргізу қажеттігі туралы" тапсырма берді.

"Осы тапсырманы орындау үшін департаментте кадрлық ауыс-түйістер жүргізілді. Сонымен қатар кедендік құнға бақылау күшейтілді, кедендік тексеріп қараудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды", – деді Қанат Баеділов. 

Осының салдарынан импорт 136%-ға өскеніне қарамастан, 1-тоқсанда 138 млрд теңге кедендік төлемдер қамтамасыз етілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд теңгеге артық, өсу қарқыны 150%-дан асты.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу